Ғылыми-зерттеу қызметінің басым бағыттарын іске асыру, ғылыми кадрларды дамыту және ғылыми-техникалық әзірлемелердің нәтижелерін ел экономикасына тиімді енгізу мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің қарамағындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы жанынан «Білім беру және қоғамдық даму ғылымдары орталығы» құрылды (2023 жылғы 5 мамырдағы № 4-П бұйрық).
Орталықтың миссиясы мен міндеттері
Орталықтың миссиясы — білім беру және қоғамдық даму саласындағы ғылыми зерттеулер мен инновацияларды біріктіруге ықпал ету, негізгі бағыттар бойынша жұмысты оңтайландырып, олардың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңыздылығын арттыру.
Орталықтың негізгі міндеттері:
-Басым және мамандандырылған ғылыми зерттеулерді үйлестіру
-Экономиканың тұрақты дамуы мен жаңғыртылуын қамтамасыз ету үшін ғылыми-техникалық шешімдерді практикалық қызметке енгізу
-Халықаралық және отандық серіктестермен бірлесе инновациялық және ғылыми инфрақұрылымды дамыту
-Ғылым, өндірістік секторлар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы байланыстарды нығайту