Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Академия 2025 жылғы 8 тамызда Қостанай облысында «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында Президиумның өңірлік көшпелі отырысын өткізеді

Академия 2025 жылғы 8 тамызда Қостанай облысында «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында Президиумның өңірлік көшпелі отырысын өткізеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Мемлекет Басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында, атап айтқанда, Қазақстан алдағы 10 жыл ішінде астық өнімдерін тереңдетіп өңдеу, өндіру және жеткізу бойынша әлемдегі жетекші он елдің қатарына енуі тиіс, сондай-ақ аграрлық секторды индустрияландыру мен өңірлердің ғылымы мен инновациялық дамуын жан-жақты қолдау қажеттігі туралы тапсырмаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) 2025 жылғы 8 тамызда «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбында Президиумның өңірлік көшпелі отырысын өткізеді.

Іс-шара ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеуді дамытудағы ғылыми-технологиялық басымдықтарды анықтауға, сондай-ақ өнеркәсіптің дамуы, азық-түлік қауіпсіздігі мен технологиялық егемендіктің негізгі ресурсы ретінде өңірлік ғылымның әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өсімдік және мал шаруашылығы салаларында елеулі шикізаттық әлеуетке ие. Республика тұрақты түрде астық, майлы дақылдар және мал азықтық дақылдарын өндіру бойынша әлемдік жетекші елдердің қатарында және етті және сүтті мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, құс шаруашылығын белсенді дамытуда. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеу саласы аграрлық әлеует пен ауыл шаруашылығы дақылдарын кең көлемде өндіруге қолайлы жағдайлар болғанына қарамастан жеткілікті дамымаған. Ауыл шаруашылығы шикізатының негізгі көлемі әлі де ішкі және сыртқы нарықтарға бағасы төмен шикізат түрінде жеткізіледі, бұл қосылған құнды, экспорттық кірісті және ілеспе салалардың дамуын шектейді.

Көшпелі отырыстың күн тәртібіне Қостанай облысының кешенді дамуының басым бағыттары енгізілді, оның ішінде:

• ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеуді дамыту, агроөнеркәсіп кешенінде жоғары деңгейдегі өнім өндірісін арттыру;

• өнеркәсіптік даму және инновациялар – өңір өнеркәсібін әртараптандыру, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

• өңірлік ғылымды қолдау және технология трансферті – жергілікті ғылыми қызметті күшейту, әзірлемелерді коммерцияландыру және өңірге озық технологияларды тарту;

• өндіріс үшін кадрлар даярлау – адами капиталды дамыту, білім беру жүйесін жаңғырту және өңір қажеттіліктеріне сай мамандарды нысаналы даярлау;

• экологиялық тұрғыдан тұрақты технологияларды енгізу – өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында «жасыл» шешімдерді қолдану, қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;

• өндіріс пен агросекторды цифрлық трансформациялау – өңір экономикасына, соның ішінде ауыл шаруашылығына заманауи цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні енгізу.

Көшпелі отырыс аясында ғылыми-инновациялық көрме ұйымдастырылып, Қостанай облысы өңірлік ғылымының басым бағыттарын айқындау бойынша форсайт-сессия өткізіледі. Қатысушылар ғылыми қауымдастық пен өнеркәсіп арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды. Көшпелі отырыс өңірлерде ғылым мен технологиялық дамуды нығайту, ғылыми зерттеулер мен өндіріс арасындағы тиімді байланысты орнату, сондай-ақ өңірлік ғылымның әлеуетін арттыру жолдарын қарастыру үшін маңызды алаңға айналды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі, облыс әкімі, мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың, өңірлік жоғары оқу орындарының басшылары, ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеу және агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, денсаулық сақтау саласындағы жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдері қатысады.

Академия Президиумының көшпелі отырысының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін тереңдетіп өңдеуді дамыту және саланы ғылыми қамтамасыз ету мәселелері жөнінде Үкіметке аналитикалық жазба әзірлеу жоспарлануда, сондай-ақ өңдеу және тамақ өнеркәсібін өңірде перспективалық әрі тиімді дамытуға бағытталған бірлескен жұмыс жоспарын дайындау көзделуде.

Өткізілетін уақыты: 2025 жыл 8 тамыз, 09:00 (жұма)

Өтетін орны: Қостанай облысы, Қостанай қаласы,  «IQostanay» смарт-орталығы, Н. Назарбаев көшесі, 172.

Аккредитация үшін: Алиханов К.Д., тел.:+77759430305