Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясыҚазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы
Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қазақстан Республикасындағы ғылым туралы

Қазақстан – бай тарихы мен ежелгі ғылыми дәстүрлері бар, әлемдегі бәсекеге қабілетті экономикалардың қатарына кіруге ұмтылған үлкен мүмкіндіктер елі.


Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы унитарлық мемлекет.


Қазақстан Республикасы өткен жылдардағы зерттеушілердің ғылыми мұрасы мен тәуелсіздік дәуіріндегі отандық ғылыми жетістіктерді біріктіру арқылы құрылған қуатты ғылыми-техникалық әлеуетке ие.

Ғылым тарихы

Қазақ ғылымының тарихы сан ғасырды қамтиды. Ұлан-ғайыр атырапты мекендеген көшпелі халықтар ерте заманның өзінде мал шаруашылығы, металлургия, астрономия салаларын жетік білген. Олар уақытты өлшеудің күрделі жүйелерін жасап, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейін көрсететін жұлдыздардың қозғалысын зерттеді. Ал, Қазақстанда ғылыми ізденіс XX ғасырдың басында «Қазақ ғылыми-зерттеу мал дәрігерлік институты» (1905 ж.) және «Красноводск селекциялық стансасы» (1909 ж.) сияқты мекемелердің құрылуымен басталды.

Бүгінгі ғылым

Елде ондаған жыл ішінде әртүрлі ғылыми салада, соның ішінде геология, металлургия, химия және т.б. белсенді жұмыс атқаратын университеттер, ғылыми ұйымдар мен институттар ашылды. Қазақстан елеулі үлес қосқан саланың бірі – ғарыш ғылымы. Қазақстанда орналасқан «Байқоңыр» ғарыш айлағы ғарыш аппараттары мен жер серіктерін ұшырудың негізгі базасына айналды. Қазақстан көмірсутектер мен күн энергиясын қоса алғанда мол табиғи ресурстарға ие. Басым бағыттың бірі – энергетика және баламалы энергия көздерін дамыту. Еліміз жаңа технологияларды дамыту және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану бойынша белсенді жұмыс істейді. Сондай-ақ Қазақстанда биотехнология, медицина, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы ғылымдары және т.б. салаларда табанды зерттеулер жүргізілуде. Жергілікті ғалымдар сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар түрлерін зерттейді, аурулармен күресудің жаңа әдістерін әзірлеп, мәдени мұраларды зерттейді. Бұның сыртында да талай істер атқарылып жатыр. Қазақстан ғылыми зерттеулер саласында да басқа елдермен және халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Бұл білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жалпы әлемдік ғылымның дамуына ықпал етеді. Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық саланы басқару жүйесі бірнеше рет өзгеріс болды. Елімізде ғылымның дамуына жауапты Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылып, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясында реформалар жүргізілды. Атап айтқанда академияға мемлекеттік мәртебе берілді. Ғылыми зерттеулерге, инновацияларға, ғылыми қауымдастықты дамытуға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінді. Қазақстан ғылымдағы жетістіктерімен мақтанады және әлемді жақсарту, инновацияландыру үшін ғылым мен технологияны дамыта